Сегізінші тамыздың мәліметі бойынша коронавирусқа шалдыққандардың ішінде 97 адам, пневмониядан 10 адам қайтыс болған.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше бүгінгі күні 112 474 адам коронавирустан ем алып жатыр. Оның 30 972- сі ауруханада емделіп жатса, 81 502 адам үйлерінде қаралып жатыр екен.
Індетке шалдыққандардың ішінде 1 966 адам ауыр жағдайда, 402 тым қиын жағдайда екен. 232 адам болса тыныс алу аппаратында жатыр.
Фото: news.myseldon.com