Malim.kz
Құқық

Бірнеше рет пара алу. Алатауда колония басшысының экс-орынбасары ұсталды

Айбын Атабай
ЖИ көмегімен жасалған

Алматы облысының прокуратурасы қылмыстық-атқару жүйесінің бұрынғы қызметкеріне қатысты тергеу жүріп жатқанын растады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ведомствоның мәліметінше, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №14 мекеменің бұрынғы бастығының орынбасары Серік Арыстанов ұсталды.

– Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігі 4-тармағы бойынша, яғни сотталған адамдардан бірнеше рет пара алу фактілері бойынша күдікке ілінген, - деп хабарлады ведомство Kazinform агенттігі тілшісіне.

Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын Қонаев қаласының мамандандырылған тергеу соты таңдады. Сот санкциясымен ол қамауға алынды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Прокуратура ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін мәлімдеді.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары