Malim.kz
Саясат

Бірқатар министрліктің вице-министрлері тағайындалды

Malim Админ

Үкімет қаулысымен бірнеше министрліктің вице-министрлері тағайындалды, - деп хабарлайды Malim.kz. 


2024–2025 жылдары — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болған Асқарбек Ертаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  бірінші вице-министрі қызметін атқарады. 

Сонымен қатар, Нұрлан Алдамжаров су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі болып тағайындалды. Ол бұған дейін осы ведомствода вице-министр болып еңбек етті. 

Сондай-ақ, Үкімет қаулысымен Виктория Вильгельмовна Шегай Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды.

Алматы әкімдігінде де ауыс-түйіс. Шаһар басшысы Дархан Сатыбалдының өкімімен қала әкімі аппаратының басшысы қызметіне Ерлан Исабеков тағайындалды. 

Фото: Үкімет 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары