Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық нәтижесінде доллар бағамы төмендеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,82 теңгеге арзандап, 458,23 теңгені құрады. Ал Ұлттық банктің ресми бағамы 462,22 теңге деңгейінде белгіленді.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
- доллар 457,00 теңгеден сатып алынады, 464,00 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 530,00 теңге, сату - 540,00 теңге;
- рубль: сатып алу - 5,30 теңге, сату - 5,60 теңге.
- юань: сатып алу - 68,45 теңге, сату - 72,59 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 456,61 теңгеден сатып алынады, 458,97 теңгеден сатылады. Еуро 532,21 – 537,62 теңге, ал рубль 5,31 – 5,45 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,28 теңгеден сатып алынады, 70,82 теңгеден сатылады.