Malim.kz
Саясат

Бішкекте Қамшыбек Тәшиевке қатысты сот процесі басталды

Сабина Асқарқызы
Фото:gov.kg

Бішкекте Қырғызстан ҰҚМК-нің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Тәшиевке қатысты сот процесі басталды. Іс Бішкектің Первомай аудандық сотында қаралып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Алдын ала тыңдау жабық форматта өтуде. Сот қызметкерлері істің құпияланғанын айтып, журналистер мен өзге адамдарды сот залына кіргізбеген.

Адвокаттардың мәліметінше, Қамшыбек Тәшиевке «билікті күшпен басып алуға дайындалу» және «қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану» баптары бойынша айып тағылған. Бұл іс бойынша Қырғызстанның бұрынғы бас прокуроры Құрманқұл Зулушев пен парламенттің экс-спикері Нұрланбек Тұрғынбекұлы да аталады.

Іс «75-тің хаты» деп аталған үндеумен байланысты. Онда бір топ қоғам және саяси қайраткер президент Садыр Жапаровқа мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу туралы үндеу жолдаған.

Бұған дейін Садыр Жапаров Қамшыбек Тәшиевті барлық қызметінен босатқан еді. Кейін билік өкілдері Тәшиевтің жақын айналасындағы адамдар депутаттарды оның жағына шығуға шақырғанын мәлімдеген.

Қамшыбек Тәшиев өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, кінәсіз екенін айтқан.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары