Бішкектегі ҰҚШҰ саммиті қарсаңында мемлекеттер басшылары «Ала-Арча» резиденциясында бейресми кездесу өткізді, деп хабарлайды Malim.kz.
Резиденциядағы «Кыргыз айылы» этнографиялық кешенінде мәртебелі меймандарға қырғыз халқының тұрмыс-салты мен мәдениеті таныстырылды.
Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына барды.