Malim.kz
Спорт

Бішкектен сүйінші: қазақстандық гимнасттар екі жүлде еншіледі

Сабина Асқарқызы
ҰОК

Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында финалдық жарыстар басталып, Қазақстан құрамасы алғашқы жүлделерін еншіледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Жекелей сындағы шығыршықпен жаттығуда Ақмарал Ерекешева 28.50 ұпай жинап, қола медаль жеңіп алды. Бұл бағдарламада алтын жүлде 29.25 ұпаймен өзбекстандық Тахмина Икромоваға бұйырса, күмісті қытайлық Ван Цзылу 28.90 ұпаймен иеленді. Қазақстандық Айбота Ертайқызы 28.05 ұпаймен алтыншы орынға жайғасты.

Ал топтық жаттығуда бес доппен өнер көрсеткен Қазақстан құрамасы 26.30 ұпай жинап, күміс медальға қол жеткізді. Бұл сында Қытай құрамасы 27.95 ұпаймен чемпион атанса, Оңтүстік Корея 25.35 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары