Malim.kz
Оқиға

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Еуропалық Одақ және бірқатар мемлекеттің елшілерімен кездесті

Айбын Атабай
БҚО әкімдігі

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Алешка Симкич бастаған ресми делегациямен кездесті. Делегация құрамында Еуропалық Одаққа мүше және бірқатар өзге мемлекеттердің елшілері мен дипломатиялық өкілдері болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Кездесуде Батыс Қазақстан облысы мен Еуропа елдері арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Нариман Төреғалиев Мемлекет басшысының шетелдік инвестиция тарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес өңірде жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша облыстың Еуропалық Одақ елдерімен тауар айналымы 5 млрд АҚШ долларынан асты.

Өз кезегінде Алешка Симкич Еуропалық Одақтың Қазақстанның ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі екенін айтып, өңірлермен байланысты одан әрі нығайтуға қызығушылық білдірді.

Кездесу барысында дипломаттар өңірдің инвестициялық әлеуеті мен инвесторларды қолдау тетіктері жөнінде пікір алмасты.

Айта кетейік, биыл Батыс Қазақстан облысына 1 трлн теңгеден астам инвестиция тарту жоспарланып отыр.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары