Батыс Қазақстан облысында 37 жолаушысы бар рейстік автобус қозғалыс кезінде өртенді, деп хабарлайды Malim.kz.
Оқиға 8 тамыз кешкі уақытта Теректі ауданында, Самара – Шымкент тасжолының Шалқар көліне бұрылатын тұсында болған. Автобус Орал – Қаратөбе бағыты бойынша келе жатқан.
Өрт кезінде салонда 37 жолаушы болған. Олар автобустан өздігінен эвакуацияланған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өртті 8 құтқарушы мен 2 техникадан тұратын жеке құрам жедел түрде сөндірген.