Malim.kz
Оқиға

БҚО-да боранда хабар-ошарсыз кеткен тағы бір адамның мәйіті табылды

Арман Қайыпхан
Фото: pixabay

Батыс Қазақстан облысында хабар-ошарсыз кеткен 4 адамның үшеуінің денесі табылғаны, тағы бірі әлі іздестіріліп жатқаны бұған дейін хабарланған. Өкінішке қарай, соңғысының да денесі табылды, деп хабарлайды Malim.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Күйгенкөл ауылдық округінде бүгін сағат 15.57-де Жасқайрат ауылынан 10 шақырым жерде 59 жастағы ер адамның мүрдесі табылды.

Ол 13 желтоқсанда Күйгенкөл ауылдық округінің Бұқар қыстағынан мал бағуға шығып кетіп, содан оралмаған.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, бұған дейін үш адамның мүрдесі табылған. Олар әртүрлі жағдайда далада үсіп өлген. Бірі мал іздеуге шықса, бірі адасып кеткен.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары