Malim.kz
Оқиға

БҚО-да екі тұрғын үйден өрт шықты

Арман Қайыпхан
Фото: ТЖМ

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының Ұзынкөл ауылында екі тұрғын үйден өрт шықты. Бұл туралы ақпарат «112» пультіне түскен, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұзынкөл ауылы ең жақын өрт сөндіру бекетінен шамамен 20 шақырым қашықта орналасқан. Құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде Жастар алаңы көшесіндегі екі екіпәтерлі тұрғын үй, шаруашылық құрылыстар және үйлердің бірінің ауласында жиналған шөп өртеніп жатқан.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігі, жергілікті атқарушы орган, ҰҚК Шекара қызметі және Полиция департаментінің күштері мен техникасы жұмылдырылды. Өрт толық сөндірілді.

Өрттен тұрғын үйлері зардап шеккен азаматтарға Жәнібек ауданының әкімдігі уақытша баспана беруді ұйымдастырып жатыр.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары