Malim.kz
Құқық

БҚО-да өзбекстандық 10 адам заңсыз жұмыс істеген

Malim Админ

Сырым аудандық сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 517-бабы 5-бөлігіне сәйкес Өзбекстанның 10 азаматына қатысты 10 іс қаралды.


БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, өзбекстандық азаматтардың 2025 жылдың наурыз айында Бұлдырты ауылдық округінде құрылыста заңсыз, тиісті рұқсат алмастан жұмыс істегені анықталды. 

Сотта құқық бұзушылар өз кінәларын мойындап, жасаған іс-әрекеттеріне өкініш білдірді.

Сот қаулыларымен аталған он азамат кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына 98 300 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Қаулылар занды күшіне енген жоқ, - деп хабарлады ведомстводан. 

Фото: pixabay.com 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары