Malim.kz
Спорт

Бүгін Назым Қызайбай ширек финалда бокстасады. Тағы қай спортшыларымыз шығады?

• Мәди Саматұлы

Париж Олимпиадасында бүгін жарыс жолына шығатын спортшылардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Туризм және спорт мнистрлігі жариялаған тізімде мына спортшылар бар:

Сағат 11:00, дзюдо, командалық жарыс.

Қазақстан құрамасы Бразилия құрамасымен күш сынасады. Ел құрамасында Әбиба Әбужақынова, Камила Берліқаш, Есмигүл Куюлова, Данияр Шамшаев, Абылай Жұбаназар, Нұрлыхан Шархан шығады. Ал финалдық бәсекелер кешкі 19:00-де өтеді.

Сағат 12:00, стенд ату.

Әсем Орынбай, Эдуард Ещенко. Финалдық бәсекелер 18:30-да.

Сағат 14:00, велоспорт

Алексей Луценко, Евгений Федоров.

Сағат 14:00, спорттық гимнастика.

Милад Карими.

Сағат 19:50, бокс.

Назым Қызайбай Колумбия спортшысы И. Валенсиямен шығып, жартылай финал жолдамасына таласады.

Сағат 20:16, спорттық гимнастика.

Нариман Құрбанов.

Фото: ҰОК/Тұрар Қазанғапов

Мәди Саматұлы
Автордың басқа материалдары