Malim.kz
Шоу-бизнес

"Бұл да бір махаббат шығар": Мөлдір Мұқан жеке өміріне қатысты қуанышын айтты (ВИДЕО)

Мадияр Қапанбек
instagram/moldir.mt. Суретте: Мөлдір Мұқан

Әнші Мөлдір Мұқан ұшақта орындаған әнін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, оқырмандарына жүрекжарды жазба арнады, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесінің айтуынша, ұшақпен сапарға шыққан сайын ән айтқысы келеді. Ол мұны әуеге және сапарға деген ерекше махаббатымен байланыстырды.

Мөлдір Мұқан оқырмандарының қолдауы мен жылы лебізі өзіне шабыт беретінін атап өтті. Әншінің сөзінше, желі қолданушылары сторизден жаңа ән күтіп, жеке хабарлама арқылы өтініш білдіріп отырады.

"Ұшақпен ұшамын десем, ән айтқым келеді. Бұл да бір махаббат шығар. Осы сезімім де сіздерге беріліп, сториздан ән күтеміз деп дайректке жазып, шабытымды ашып жатырсыздар. Ұшақтағы ән осы жолы айналайын инстаграмның рилсіне кетті. Ұшақпен жақсы жерлерге ұша берейін, жүрегіммен айтқан жақсы әндерім тыңдармандарын таба берсін. Сіздердің қолдауларыңызды сеземін, қымбаттыларым! Ән арқылы жанымыз жарқырап, тәніміз сау бола берсін", – деп жазды Мөлдір Мұқан.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары