Malim.kz
Аналитика

Бұл туған күн емес, өлген күн - авиация маманы

Malim Админ

Белгілі авиация маманы (малайзиялық MH17 рейсінің атып түсірілу оқиғасын; советтік "Буран" шаттлы, украиндік "Мрия" ұшағы туралы зерттеулерімен әйгілі) Вадим Лукашевич Байқоңыр ғарыш айлағындағы басты нысан - "Гагарин старты" деген атпен белгілі нөмірі бірінші алаңның Қазақстанға өтуі туралы ой толғайды. Malim.kz түйінді тұстарын келтіріп отыр.

Үш күн бұрын, 2 маусымда, Ресей Байқоңыр ғарыш айлағының 70 жылдығын атап өтті. Мен бұл атаулы күнге екі себептен мән бермедім. Біріншіден, бұл туған күн емес, өлген күн: Ресей Байқоңырдан - кетіп барады, жоғалтып барады, тастап барады (мұны қалай атауды өзіңіз біліңіз)...

...Екіншіден, кеше әйгілі "Гагарин стартын" Қазақстанға өткізу актіне қол қойылды. Бар тарихымыз осыдан басталып еді: 1957 жылдың 4 қазанында ұшырылған алғашқы "Спутник" жерсерігі де, Гагариннің 1961 жылғы 12 сәуірдегі сапары да... осы жерден басталды... Мен осы жолдарды жазып отырғанда алаңның ресейлік күзеті қазақтарға ауысып жатыр...

Malim Админ
Автордың басқа материалдары