Malim.kz
Құқық

Былтыр 202 адам ауыр жұмыста жүріп қаза тапқан

• Malim Админ

Елімізде өткен жылы еңбек жағдайындағы оқыс оқиғалардан 202 адам қаза болған. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты.


2024 жылы жазатайым оқиғалардан 1 408 адам зардап шекті, олардың ішінде 202 адам қаза тапты. 445 мыңнан астам жұмыс орны әлі де зиянды және (немесе) қауіпті ретінде жіктеледі, - деді ол Үкімет отырысында. 

Сондай-ақ ведомство басшысы өндірістік жарақаттардан жапа шеккен адамдар жайлы да мәлімет келтірді. 

15 976 азаматтың кәсіптік еңбекке қабілеттілігінің жоғалғаны анықталды, оның ішінде 8 204 адам кәсіби аурулардан және 7 771 адам өндірістік жарақаттардан зардап шеккен, - деді Светлана Жақыпова.

Фото: Gov.kz 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары