Malim.kz
Шоу-бизнес

"Быт-шыттарын шығарамын": Психолог Шолпан Есмағанбетова Дариға Бадықоваға қайта жауап берді

• Мадина Ізекен
Фото-коллаж: Malim.kz / ЖИ арқылы өңделген

Актриса әрі продюсер Дариға Бадықовамен сөзге келген психолог Шолпан Есмағанбетова YouTube арнасында жаңа видео жариялады. Ол өнер иесінің өзіне бағытталған сынына жауап беріп, алдағы уақытта актрисаға қатысты тағы да пікір білдіретінін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Шолпан Есмағанбетова видеода Дариға Бадықованың өзіне айтылған сөздерге ренжігенін келемеждеп, бұрын қолданған тіркестеріне түсініктеме берді. Психолог «боқ-боқ» сөзін еркелету мағынасында айтқанын алға тартты.

"Мына екеуі өзінше ұялып қалыпты ғой. "Носорогқа" ренжіп, "боқ-боққа" ренжіп. "Боқ-боқ" деген еркелетіп айтылған сөз ғой. "Сен сондай кір-қожалақсың" деген сияқты. Неге сонша ренжисіңдер? Неткен өкпешілсіңдер", – деді психолог.

Мұнымен шектелмеген ол актрисаның өзін сынаған адамдарға көрсеткен реакциясын келемеждеп, өзіне айтылған ескертулерді қорқыту әрекеті ретінде қабылдағанын жеткізді.

"Қалай ғана дәтің барады? Мен ағылшын патшайымымын, күндей жарқыраған Дариғамын. Нұрсұлтанқызы болмасам да, Дариғамын. Ал сен шыққан тегің белгісіз біреусің дегендей. 1937 жылды орнатып жібердіңдер ғой", – деді ол мысқылмен.

Сондай-ақ Шолпан Есмағанбетова дауды осымен тоқтатпайтынын айтып, екі өнерпазға қатысты өз талдауын жариялауға уәде берді.

"Мен Дариғамен де, басқа Дариғамен де сөйлестім. Енді менен аяусыз талдау күтіңдер. Быт-шыттарын шығарамын. Шындықты айту керек, ешкім оған тыйым салған жоқ", – деді психолог.

Еске салайық, бұған дейін Шолпан Есмағанбетова актриса Дариға Бадықова мен актер Олжас Абай туралы пікір білдіріп, олардың жеке басына қатысты өткір сөздер айтқан болатын. Бұған ашуланған Бадықова психологқа Instagram парақшасы арқылы жауап беріп, "Кино бітсін, ісім сенімен болсын! Сен кімсің? Қайдан шыққан бәлесің?! Менің жеке басыма тиісетін кімсің сен?" деп жазған еді. Сондай-ақ актриса оны өз есебінен танымал болуға тырысты деп айыптаған.

Әзірге Дариға Бадықованың психологтың соңғы мәлімдемесіне қатысты жауабы туралы расталған ақпарат жоқ.

Мадина Ізекен
Автордың басқа материалдары