Malim.kz
Оқиға

Челахқа үкім шығарған судья жұмыстан босатылды

Айбын Атабай
Gov.kz

Жамбыл облыстық соты төрағасының міндетін атқарушысы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Malim.kz  Tengrinews.kz сайтына сілтеп. 

Бұл шешім Жоғары сот кеңесінің кезекті отырысында қабылданды.

"Қарау қорытындысы бойынша, Жамбыл облыстық соты төрағасының міндетін атқарушысы қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұл қызметті Ербол Ахметжанов атқарып келген болатын. Ол Арқанкерген оқиғасы бойынша Владислав Челах пен Шымкенттің "сыра патшасы" Тоқтар Төлешовке үкім шығарған.

Еске салайық, Ахметжанов 2005 жылғы тамыздан 2009 жылғы желтоқсанға дейін Алматы қаласындағы Алматы гарнизонының әскери соты, судьясы қызметін атқарды. 2009 жылдан 2014 жылғы қыркүйекке дейін Алматы қаласындағы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың судьясы болды. 2014 жылғы 29 қыркүйектен 2017 жылғы маусымға дейін Астана қаласында аталған соттың төрағасы қызметін атқарды.

2017 жылғы 14 маусымнан 2020 жылғы ақпанға дейін ҚР Әскери соты жанындағы азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болды. 2020 жылғы 27 ақпаннан бастап  Жамбыл облыстық соты төрағасы қызметін атқарып келді.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары