Malim.kz
Спорт

Чемпиондар лигасының финалы: ПСЖ мен «Арсенал» матчын Қазақстанда қайдан көруге болады?

Сабина Асқарқызы
depositphotos.com

30 мамырда футбол жанкүйерлерінің назары Еуропаның басты клубтық турнирі – Чемпиондар лигасының финалына ауады. Шешуші кездесуде Францияның «Пари Сен-Жермені» мен Англияның «Арсеналы» өзара мықтыны анықтайды, деп хабарлайды Malim.kz.

Финалдық матч Будапешт қаласындағы Пушкаш Арена стадионында өтеді. Ойын Қазақстан уақыты бойынша сағат 20:50-де басталады. Кездесуді тікелей эфирде Qazsport телеарнасынан және арнаның ресми сайтынан тамашалауға болады.

«Арсенал» турнирдің жалпы кезеңін бірінші орынмен аяқтап, плей-оффта Германияның «Байерін», Португалияның «Спортингін» және Испанияның «Атлетикосын» жарыс жолынан шығарды.

Ал «Пари Сен-Жермен» плей-офф кезеңін 1/16 финалдан бастап, Францияның «Монакосын», Англияның «Челсисін», Англияның «Ливерпулін» және Германияның «Бавариясын» жеңіп, финалға дейін жетті.

Айта кетейік, «Арсенал» өз тарихында Чемпиондар лигасының финалында екінші рет өнер көрсеткелі отыр. Лондондық клуб бұған дейін 2006 жылы финалда Испанияның «Барселонасына» 1:2 есебімен жол берген еді.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары