Malim.kz
Сұқбат

Цифрлық құжаттағы қате: Ұлттық ақпараттық технологиялар басқармасы түсінік берді  

Malim Админ

Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне ауысқаннан кейін азаматтардың цифрлық құжаттағы деректері өзгеріп кеткен. Осыған байланысты Ұлттық ақпараттық технологиялар басқармасы түсінік берді.

«Еліміздің бірыңғай уақыт белдеуіне ауысуына байланысты 64 ақпараттық жүйе (eGov.kz порталы, egov mobile мобильдік қосымшасы, e-license порталы, «Е-нотариат», «Техосмотр», «e-Otinish» және т.б.) орналасқан 11 мыңнан аса виртуалды сервер жаңартылды. Мемлекеттік органдар да  ақпараттық жүйесін жаңартып жатыр. Қазір біз қажетті жұмыстың бәрін істеп жатырмыз. Қолайсыздық тудырғанымыз үшін кешірім сұраймыз», - делінген хабарламада.
 

Фото: ашық дереккөзден алынды

Malim Админ
Автордың басқа материалдары