Malim.kz
Спорт

Чиншанло мен Сонға автокөлік беріледі

Абай Нұржанұлы

Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы Токио олимпиадасында қола медаль иеленген қос спортшыға автомашина тарту етеді. Бұл туралы Мalim.kz сайты хабарлайды.

Зүлфия Чиншанло мен Игорь Сонға автомашина кілтін федерация басшысы Жанат ТҮСІПБЕКОВ жуық арада тапсырады. Айтпақшы, қос ауыр атлетке Toyota Camry берілетін болады. Сонымен қатар, жеке бапкерлері мен бас бапкері ақшалай сыйақы алады.

Алматы облысынан шыққан Игорь Сон 61 келі салмақта қола алса, Зүлфия Чиншанло 55 келіде үшінші орынды жеңіп алды.

Фото: kazinform.kz

Абай Нұржанұлы
Автордың басқа материалдары