Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой күздегі эпидемиологиялық ахуал бойынша күзге жаңа болжам ұсынды.
«Министрлік қараша айына дейінгі эпидемиологиялық болжамды жаңартты. Жағымсыз сценарийге сәйкес қыркүйек айында 6 300, қазан айында 2400 адам вирус жұқтыруы мүмкін. Шынайы сценарий бойынша қыркүйекте 5 300, қазанда 1 800 жағдайға дейін тіркеледі. Жағымды сценарий жағдайында қыркүйекте 4 200, қазан айында 1 300 науқас тіркелуі мүмкін», — деді министр.
Айта кетейік, өткен тәулікте 5631 адамда коронавирус індеті расталды, ал жалпы ел бойынша ауырғандар саны 748 851-ге жетті.