Malim.kz
Денсаулық

Covid-19, гонконг тұмауы және ЖРВИ: Астанада эпидемиологиялық жағдай нашарлады

Арман Қайыпхан
Фото: pixabay

Астанада эпидемиологиялық маусым басталғалы бері жедел респираторлық вирустық инфекцияның (ЖРВИ) 82 520 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл — өткен маусыммен салыстырғанда 6% көп. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 48 074 жағдай анықталған. Бұл туралы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айгүл Шагалтаева мәлімдеді.

«Соңғы аптада 23 002 жағдай тіркеліп, бұрынғы аптамен салыстырғанда 1,5 есе артты. Грипп және ЖРВИ диагнозымен 577 бір жасқа дейінгі бала, сондай-ақ 190 жүкті әйел ауруханаға жатқызылды. Лабораториялық мониторинг аясында ЖРВИ және тұмаумен ауырған науқастардан алынған 285 үлгі зерттеліп, олардың 116-сы оң нәтиже көрсетті. Бұл — А/H3N2 тұмауы. Сонымен қатар алты Covid-19 жағдайы анықталды», — деді спикер.

Оның айтуынша, A/H3N2 (гонконг тұмауы) алғаш рет 1968 жылы анықталған және жыл сайын айналымда жүретін тұмау А вирусының маусымдық қосалқы типі болып табылады. Сондықтан ол жаңа штаммға жатпайды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары