Malim.kz
Сұқбат

Cпортшылар «Тоқта, вандал» акциясын қолдады

Malim Админ

Елміздің танымал спортшылары бастаманы қолдап, елорда тұрғындарына тиісті үндеу жасады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Панкратион мен джиу-джитсудан әлем, Еуразия және Азия чемпионы қазақстандық кәсіпқой спортшы Василий Тахтай «Тоқта, вандал» бастамасын қолдауға және қаланың сұлу келбетін қорғауға шақырды.

«Көшедегі заттарды бүлдірудің орнына рингке шығып, нағыз қарсыласыңызбен жекпе-жек өткізіңіз», - деп қала тұрғындарын спортпен шұғылдануға шақырса, стрит-воркаут командасының бас бапкері, әлем чемпионы Айтым Жақыпов:  «Бойындағы күшін қайда жіберерін білмей, айналасындағы заттарды бүлдіріп жүретін жастар бар, оларға жаттығу алаңына барып, бойыңыздағы негативті энергияны шығарыңыз дер едім», - деді. 

Астанада 2-тамыздан бастап қала мүлкі мен аула-аумақтарды және қоғамдық орындардың бүлінуіне жол бермеу үшін «Тоқта, вандал» акциясы жүріп жатыр. 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары