Оралда дәмханадағы өрттен зардап шеккен екі адам жансақтау бөлімінде жатыр.
БҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «Арбат» дәмханасындағы өртке байланысты жедел жәрдем кеше сағат 22.07-де шақырылған.
46 және 25 жастағы екі ер адам қалалық көпбейінді ауруханаға жатқызылды. Олардың жағдайы ауыр.
Айта кету керек, Оралда «Арбат» дәмханасында өрт шығып, бес адам ауруханаға жеткізілген болатын.