Әлеуметтік желіде танымал актриса Дариға Бадықова мен актер Олжас Абайдың құдалығынан түсірілген видеолар тарады. Желі қолданушылары әсіресе актрисаға берілген қалың малдың мөлшерін қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.
Тараған ақпаратқа сүйенсек, Олжас Абай Дариға Бадықоваға арнайы құда түсіп барып, сырға салған. Құдалық рәсімі екі жақтың жақын туыстарының қатысуымен шағын отырыс түрінде өткен.
Желіде жарияланған мәліметтерге қарағанда, құдалар қазақтың салт-дәстүріне сай қалың мал да ала келген. Актриса үшін берілген қалың малдың мөлшері 10 мың доллар болғаны айтылуда.
Алайда бұл сома әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Бірі танымал актриса үшін 10 мың доллар аз екенін айтса, енді бірі екі жастың бақыты ақшамен өлшенбейтінін жазған.
"Арзанға кетіпті", "10 мың доллар деген аз ғой", "40-қа келгенде екінші рет тиіп жатыр болады", "Бастысы екі жас бақытты болсын", "Қалыңсыз қыз болмайды деп бергендері ғой", – деп пікір қалдырған желі қолданушылары.
Осылайша, Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың құдалығына қатысты тараған видеолар көпшіліктің назарын аударып, қалың мал мәселесін қайтадан қызу талқыға салды.
Айта кетейік, әзірге актриса мен актер тараған құдалық видеолары мен қалың малдың мөлшеріне қатысты ресми пікір білдіргені туралы ақпарат жоқ.