Malim.kz
Денсаулық

Дастан Рыспеков экологиялық ахуалды арнайы қосымшадан да бақылап жүретінін айтты

Ереке Базарқұл
IQAir сайтынан скриншот ©malim.kz

Қазір, Астанадағы Орталық Коммуникациялар қызметінде Ұлытау облысының әкімі Дастан Адайұлы Рыспеков өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп беріп жатыр.

malim.kz тілшісі облыстағы экологиялық ахуал туралы сұрақ қойған болатын. Өңірдегі ауа сапасынан бастап, өнеркәсіптік қалдықтардың денсаулыққа әсері - бірнеше рет мемлекеттік деңгейде көтерілген мәселелер.

Дастан Адайұлы жауабында  - Ұлытау облысында кешенді экологиялық шаралар президенттің тапсырмасымен 2022 жылдары-ақ басталғаны туралы еске салып өтті. Бұған қоса, 2023, 2024 жылдары экологиялық ахуалға кешенді бақылау жүргізілген. Зерттеу аясында ауадан, топырақтан, мал өнімдерінен барлығы 500-ден аса сынама алынған. Сынамалардан Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшатын зымырандардың әсерінің (гептил отыны) ізі анықталмаған. Қазір зерттеу нәтижелері ғылым және жоғары білім, денсаулық сақтау министрліктерінің сараптамасынан өтіп болыпты.

Сонымен бірге, әкім өңірдегі экологиялық ахуалды арнайы қосымшадан да күнделікті қарап отырғанын жеткізді. Дастан Адайұлы IQAir қосымшасының деректеріне қарап отырып, мысалы, Жезқазғанды ең лас қалалардың қатарында деп айта алмайтынын жеткізді.

Ереке Базарқұл
Автордың басқа материалдары