Malim.kz
Спорт

«Дастан Сатпаев эффектісі»: Қазақстан футболында құбылыс пайда болды ма?

Айгүл Таңатар
https://www.nur.kz

Дастан Сатпаевтың Лондонның «Челси» клубындағы жарқын дебютінен кейін қазақстандық ақпарат кеңістігінде жаңа тіркес жиі айтыла бастады – «Дастан Сатпаев эффектісі», деп хабарлайды Malim.kz. 

Бұл ұғым ресми термин емес, әрине. Дегенмен жас шабуылшының табысы Қазақстан футболына деген қызығушылықты бұрын-соңды болмаған деңгейге көтергендей айтыла бастады.
Аталған пікірдің негізі де жоқ емес. Биыл Дастан Сатпаев Англияға ауысар алдында «Қайрат» сапындағы соңғы матчын дубльмен аяқтады. Ал кейін «Челси» жүйесіндегі алғашқы ойындарының бірінде гол соғып, халықаралық БАҚ-тың назарын өзіне аударды. Нәтижесінде қазақстандық футболшылар туралы іздеу саны артқан. Шетелдік жанкүйерлер арасында Қазақстан футболына қызығушылық күшейгені байқалды.


Шетелдік басылымдардың бағасы да жоғарыдағы пікірді күшейте түсті. Мәселен, Goal басылымы Сатпаевты NXGN-2026 рейтингіндегі әлемнің ең үздік жас футболшыларының қатарына енгізді. Осылайша Дастанды Қазақстан футболының жаңа символына айналуы мүмкін ойыншы ретінде сипаттады. Басылым тіпті оның ойын мәнерін аргентиналық Серхио Агуэроға ұқсатып, «Челсидегі» мансабы үлкен қызығушылық тудырып отырғанын жазды.

Айгүл Таңатар
Автордың басқа материалдары