Қазақстанның белгілі спортшысы әрі Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваға автокөлік сыйлады, деп хабарлайды Malim.kz.
Қуанышты оқиға Абай облысындағы Қалбатау ауылында өткен ашық аспан астындағы ауқымды гала-концерт барысында орын алды. Мәдени кешке отандық эстраданың танымал жұлдыздары – Әли Оқапов, Мәди Рымбаев, Медеу Арынбаев және Kalifarniya қатысып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Әлеуметтік желілерде тараған видеодан концерт барысында Дәулет Тұрлыхановтың сахнаға көтеріліп, Роза Рымбаеваға көлік кілтін табыстаған сәтін көруге болады.
Желі қолданушылары өнер иесіне көрсетілген құрметті жоғары бағалап, жылы лебіздері мен құттықтауларын жаудырып жатыр.
Айта кетейік, Роза Рымбаева – қазақ эстрадасының ең көрнекті тұлғаларының бірі әрі бірнеше буынның сүйікті әншісі.