Malim.kz
Сұқбат

Денсаумин 12 жастан асқан балаларға вакцина егуді қарастырып жатыр

• Malim Админ

Денсаулық сақтау министрлігі 12 жастан асқан балаларға Pfizer вакцинасын егу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы бүгін өткен онлайн брифингіде денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық комиеттің төрағасы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.

"Бүгінде Pfizer вакцинасы 12 жастан асқан балаларға егіледі. Сондықтан біз балаларға оны егу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Қазақстанда 12-18 жас аралығындағы балалар саны 2 миллион Бұл - үлкен көрсеткіш. Өкінішке қарай, "дельта" штам ауру клиникасын өзгертті, балалар жиі ауыра бастадыү Сондықтан балаларды қорғау - біздің міндетіміз. Балаларға вакцина тек ата-ана немесе қамқоршылардың рұқсатымен ғана салынады", - деді Айжан Есмағамбетова.

Кеше денсаулық сақтау министрлігі BioNTech компаниясымен Pfizer вакцинасын Қазақстанға биылғы жылдың 4-тоқсанында жеткізу бойынша алдын ала келісімге қол жеткізілгенін хабарлады.

Фото: Reuters

Malim Админ
Автордың басқа материалдары