Malim.kz
Оқиға

Депутаттың ұлының ноутбугінен 1,7 миллион ұрланған карта нөмірі табылған

• Алуа Әшірбекова
Фото: malim.kz / ЖИ арқылы жасалған

Депутаттың ұлы сауда орындарының компьютерлік жүйелерін бұзып, миллиондаған банк картасының дерегін жасырын сатқан. Оның әрекетінен келген шығын 169 миллион доллардан асқан. Бұл туралы Malim.kz тілшісі іс бойынша жарияланған ресми мәліметтерге сілтеме жасап хабарлайды.

Ол ақша табудың жолын мейрамханалар мен дүкендердің төлем жүйелерінен іздеген. Компьютерлерге зиянды бағдарлама орнатып, клиенттердің карта нөмірлерін ұрлаған. Кейін сол мәліметтерді топтастырып, интернеттегі қылмыстық сауда алаңдарына шығарған.

Сатып алушылар ұрланған деректерді бөтен адамның картасымен сауда жасауға пайдаланған. Ал қарапайым клиенттер мейрамханада тамақтанып немесе дүкенде төлем жасаған кезде карта мәліметінің қылмыскерлердің қолына түскенін білмеген.

Тергеу барысында оның 500-ден астам кәсіпорынның жүйесіне шабуыл жасағаны анықталған. Зардап шеккендердің арасында шағын дәмханалар да болған. Тіпті бір мейрамхана кибершабуылдан кейін банкротқа ұшыраған.

Депутаттың ұлы ұсталған кезде жанындағы ноутбуктен 1,7 миллионнан астам ұрланған карта нөмірі табылған. Компьютердегі өзге мәліметтер де оның қылмыстық саудаға қатысын дәлелдеуге көмектескен.

Сотта оның осы жолмен ондаған миллион доллар тапқаны айтылған. Ал қаржы ұйымдары мен кәсіпкерлерге келген шығын 169 миллион доллардан асқан.

Бұл іс бойынша үкім 2017 жылы шыққан. Сол кезде 32 жаста болған азамат 38 қылмыстық тармақ бойынша кінәлі деп танылып, 27 жылға бас бостандығынан айырылған.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары