Лондондағы әйгілі OVO Arena Wembley сахнасында алғаш рет Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды. Димаш Құдайбергеннің «Stranger» жеке туры аясындағы концерті өтті, деп хабарлайды Malim.kz.
Концерттен кейін фанаттар әншіні қоршап алып, жібергісі келмей әншінің көлігін қоршап алды.
Видео әншінің жеке әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. Жанкүйерлерінің ықыласына бөленген әнші, көліктен шығып, оның төбесіне шығып, сол жерден автографтар беріп, олармен бірге фотоға түсті.
Осы сәтте жиналғандар хормен оның «Ұмытылмас күн» әнін орындады.
— Бұл видео концерттен кейін біз тоқтаған қонақүй алдында түсірілген. Барлығына алғыс айту үшін көлік төбесіне шығуға тура келді, — делінген видеоға жазылған мәтінде.