Malim.kz
Мәдениет

"Димаш пен Көшпенділер ойыны". Қазақ еліне жарты миллион турист келген

Арман Қайыпхан

Қазақстанға екі аптада жарты миллионнан аса турист келгені хабарланды, деп жазды Malim.kz.

Биыл 1-13 қыркүйек аралығында елімізге келген шетелдік туристер саны 597 мыңға жетті.

Ұлттық арнаның хабарлауынша, бұған ықпал еткен негізгі факторлар – елде Дүниежүзілік көшпенділер ойынының өтуі мен танымал әнші Димаш Құдайбергеннің концерті.

Аталмыш шараларға 89 мемлекеттің азаматтары келген. Ең көп турист келген елдер:

• Қытайдан 8 мыңнан астам;

• Үндістаннан 6 мыңнан астам;

• Германиядан 4 мыңнан астам;

EQonaq жүйесі Астанада 12,4 мыңға жуық шетелдік туристі тіркеді. Олардың қонақ үйде тұруға, жолпұл, тамақтану және ойын-сауыққа жұмсаған жалпы шығыны – 15,5 млн АҚШ долларын құрайды.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына келушілер ел экономикасына қосымша 625 000$ (доллар) қосқан.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары