Әлемге танымал әнші, Қазақстанның Халық артисі Димаш Құдайберген Мехикодағы елшілікке барып, қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Malim.kz azattyq-ruhy-на сілтеп.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, кездесу кезінде Димаш Құдайберген Қазақстан елшісі Алмұрат Тұрғанбековпен бірге тоғызқұмалақ ойнаған.
Сондай-ақ, бір жасар Халид Йылдыздың тұсауын кесіп, балаға ақ батасын берген.
Айта кетейік, Димаш Құдайберген жуырда Мехикоға барып, 25 мыңнан астам көрерменге концерт берген еді.
Фото: СІМ