Malim.kz
Мәдениет

Димаш Құдайберген қазан айында жаңа әлемдік турын бастайды

Арман Қайыпхан
Фото: әлеуметтік желі

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қазан айында жаңа әлемдік турын бастайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған видеоүндеуінде айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесінің сөзінше, жаңа тур аясында тыңдармандарға 15-ке жуық жаңа ән ұсынылады.

«Алда жаңа кезең күтіп тұр. Қазан айында жаңа әлемдік турымды бастаймын. Тыңдарман құрметіне 15-ке жуық жаңа ән дайындап үлгердім. Бұл осы жылдар бойы менімен бірге болған барша жанға деген алғысым болмақ», – деді Димаш.

Айта кетейік, жуырда әншінің қазақтың халық әні «Ақерке» заманауи форматта орындалған бейнебаяны жарық көрген болатын. Осыдан кейін әлеуметтік желіде кейбір қолданушылар Димаштың авторлық әндерінің аздығына қатысты пікір білдірген.

Видеоүндеу барысында әнші аталған сын-пікірлерге де жауап беріп, алдағы шығармашылық жоспарларымен бөлісті.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары