Malim.kz
Мәдениет

Димаш Құдайберген Қырғыз Республикасының халық әртісі атанды

Арман Қайыпхан

Димаш Құдайберген Қырғыз Республикасының «Халық әртісі» құрметті атағына ие болды. Бұл жөнінде Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров арнайы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Malim.kz culture.akipress.org сайтына сілтеме жасап.

Марапат 22 шілде күні Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында өткен IV халықаралық "Мейкин Азия" музыка фестивалінің жабылу салтанатында табысталды. Салтанатты рәсімде Димаш Құдайбергенге марапатты Қырғыз Республикасының мемлекеттік хатшысы Марат Иманқұлов табыс етті.

Фото: culture.akipress.org

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары