Malim.kz
Шоу-бизнес

Динара Сәтжан Баян Алагөзова екеуінің достығында нені бағалайтынын айтты

• Сабина Асқарқызы

Қазақстандық танымал журналист әрі тележүргізуші Динара Сәтжан жаңа жылдық мерекеге арналған кезекті шоулардың бірін продюсер Баян Алагөзовамен бірге жүргізетінін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Сәтжан өзінің Instagram-дағы парақшасында бағдарлама түсірілімінен үзінді жариялады.

Баян Алагөзовамен достығымызға 21 жыл болды. Тура Айарудың жасындай (Баян Алагөзованың қызы). Маған біздің достығымыздағы әзіл ұнайды. Астарлы, өзекті, өміршең. Бір-бірімізді дәл ұғынамыз. Кейде сөздің де қажеті жоқ. Бір-бірімізге деген құрметіміз шексіз, – деп жазды ол.

Ал оқырман қауым екеуінің достығына қуанған.

«Сіздердің достығыңызды тамашалаудың өзі керемет!», «Жарайсыңдар, қыздар!», «Екеуі де керемет», - деп жазды көпшілік.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары