Malim.kz
Білім-ғылым

"Директор 2 жылға тағайындалу керек": Еліміздің бас педагогы күтпеген шұғыл шешім қабылдады (ВИДЕО)

Мадияр Қапанбек
Мәжілістің баспасөз қызметі. Суретте: Жұлдыз Сүлейменова

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова білім беру ұйымдарындағы басқару жүйесін жаңартуға бағытталған маңызды бастама көтерді, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрдің айтуынша, мектеп директорларын тағайындау тәртібін қайта қарау қажет. Оның ұсынысына сәйкес, білім беру мекемесінің басшысы бастапқы кезеңде екі оқу жылына ғана тағайындалуы тиіс. Бұл қадам кадр саясатын жандандырып, басқару сапасын арттыруға бағытталған.

"Министр ретіндегі позициям, бір директорға бір мектептегі мерзімі екі оқу жылы болуы қажет. Егер, оның нәтижесі жақсы болып жатса, білім сапасы мектебінде жақсы болып жатса, бұдан бөлек балаларының мәселелері жақсы болып жатса, қауіпсіздік мәселесі, мұғалімдердің біліктілігі мәселесі жолға қойылып жатса, онда мектептің директорына тағы да бір мәрте бір мерзім беруге болады. Сонымен, ол төрт жылға тағайындалуы қажет деп санаймын. Негізгі тағайындалу кезеңі – екі оқу жылы. Егер, жақсы нәтиже көрсетіп жатса, тағы да бір мерзім. Төрт жылға дейін тағайындауға болады деп ойлаймыз", – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары