Malim.kz
Сұқбат

«Директор қызметінен кетті»:  Алматыда киім ауыстыратын бөлмеде оқушылар қысылып қалды

Malim Админ

Алматы қалалық білім басқармасы мәліметінше, мектепте екі ауысымда 1426 оқушы оқиды, жобалық қуаты - 870 орын. Мектепте орын тапшылығы мәселесін шешу үшін 2023 жылы Самғау шағынауданында 2000 орындық мектептің құрылысы басталған.

«27 ақпанда екінші ауысымнан кейін 1-қабатта орналасқан мектептің киім ауыстыратын бөлмесінде оқушылар көп жиналды. Мұның себебі - осы күні оқушылардың киіну процесінің дұрыс ұйымдастырылмауы. Бұрын бұл мектепте мұндай жағдай байқалмаған. Мектеп әкімшілігінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Оқу процесін ұйымдастыруды бақыламағаны үшін мектеп директоры қызметінен босатылды», - делінген хабарламада.

Malim Админ
Автордың басқа материалдары