Malim.kz
Экономика

Доллар – 444,76 теңге: Ұлттық банк валюта бағамын жариялады

• Алуа Әшірбекова
Фото: malim.kz\ ЖИ арқылы жасалған

Қазақстан Ұлттық банкі 12 қарашаға арналған шетел валюталарының ресми бағамын белгіледі. Бір АҚШ долларының құны 444,76 теңге болса, еуро 495,37 теңгеге бағаланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ресей рублінің ресми бағамы 5,37 теңге болды. Ал Қытай юанінің бірлігі 66,68 теңге деңгейінде белгіленді.

Еуропаның өзге валюталарына келсек, бір британ фунты 592,33 теңгеге тең. Швейцария франкінің ресми құны 536,57 теңгені құрады.

Орталық Азия елдерінің валюталары бойынша Қырғызстанның бір сомы 5,09 теңгеге бағаланды. Өзбекстан валютасының бағамы 100 сумға шаққанда 3,72 теңге болып бекітілді.

Түркияның бір лирасы 8,85 теңге болса, Біріккен Араб Әмірліктерінің бір дирхамы 121,10 теңге деңгейінде белгіленді.

Бұл көрсеткіштер Ұлттық банк бекіткен ресми бағамдар екенін ескерген жөн. Банктер мен ақша айырбастау орындары валютаны сатып алу және сату бағасын бөлек белгілейтіндіктен, ондағы бағамдар көрсетілген сомалардан өзгеше болуы мүмкін.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары