Malim.kz
Экономика

Доллар 489 теңгеге жақындады: айырбастау орындарындағы бағам қандай?

Сабина Асқарқызы
Unsplash

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау орындары шетел валюталарының жаңартылған бағамдарын ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz.

Kurs.kz дерегіне сәйкес, Астанадағы айырбастау пункттерінде АҚШ доллары 480,99 теңгеден сатып алынып, 487,99 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағамы 558,99 теңге болса, сату бағамы 569,32 теңгені құрайды. Ресей рублі 6,48-6,80 теңге аралығында саудалануда. Ал Қытай юані 68,11 теңгеден қабылданып, 73,33 теңгеден сатылуда.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында долларды 485,55 теңгеден сатып алып, 489,16 теңгеден сатып жатыр. Еуро бағамы 565,59-571,13 теңге аралығында қалыптасты. Ресей рублі 6,54-6,67 теңге, ал Қытай юані 69,33-72,05 теңге аралығында саудалануда.

Айта кетейік, 29 мамырдағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,51 теңгеге өсіп, 485,95 теңгені құраған.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары