Malim.kz
Экономика

Доллар бағамы 2024 жылдың жазынан бергі ең төмен деңгейге түсті

Арман Қайыпхан
Фото: Malim.kz

1 сәуірдегі сауда қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасы алаңында доллар бағамы 475,09 теңгені құрады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бір тәуліктің ішінде америкалық валюта 3,06 теңгеге арзандаған.

Сарапшылардың мәліметінше, Қазақстанда доллардың мұндай төмен бағамы 2024 жылдың жазынан бері алғаш рет тіркеліп отыр.

Еліміздегі айырбастау пункттерінде валюталардың орташа бағамы төмендегідей қалыптасты:

Сонымен қатар, ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың маусым айына арналған фьючерстерінің бағасы барреліне 103,78 долларды құрап отыр.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары