28 сәуірде Қазақстандағы сауда-саттықта доллар бағамы белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz.
Қазақстан қор биржасы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 457,21 теңгені құрап, 2,95 теңгеге төмендеді.
Айта кетейік, бұл — 2024 жылдың маусым айынан бергі ең төмен деңгей. Сол кезде доллар бағамы 460 теңгеден төмен түскен болатын.
Ұлттық банктің 28 сәуірге арналған ресми бағамы – 1 доллар үшін 460,80 теңге.
Алматы қаласындағы айырбастау пункттеріндегі доллардың орташа бағамы:
сатып алу – 457,89 теңге;
сату – 460,14 теңге.
Астана қаласындағы айырбастау пункттеріндегі доллардың орташа бағамы:
сатып алу – 454,06 теңге;
сату – 461,06 теңге.
Еске сала кетейік, 24 сәуірде Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдап, оны бұрынғы деңгейде — жылдық 18% мөлшерінде +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен сақтап қалды.