Malim.kz
Экономика

Доллар бағамы 460 теңгеге жақындады

Арман Қайыпхан
Фото: Malim.kz

22 сәуірдегі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 463,5 теңгені құрады. Ең төменгі мәміле бағасы 460 теңге болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Сәрсенбі, 22 сәуір күнгі сауда барысында теңге долларға шаққанда 1,2 теңгеге немесе 0,27%-ға нығайып, бір доллар 463,5 теңгеге жетті. Сауда көлемі салыстырмалы түрде аз болып, 364 млн долларды құрады.

Сонымен қатар, ең төменгі мәміле бағасы бір доллар үшін 460 теңге, ал ең жоғарысы 465 теңге болды. 

Қаржыгерлер қауымдастығының пікірінше, Ұлттық банк, экспорттаушылар және квазимемлекеттік сектор компаниялары тарапынан шетел валютасының тұрақты ұсынысы сұраныстан асып түсуі мүмкін. Бұл өз кезегінде теңге бағамын қолдаған.

Бұған қоса, нарықтың жекелеген қатысушылары тарапынан валюталық сұраныстың ішінара қанағаттандырылуы да ұлттық валютаның нығаюына әсер еткен болуы мүмкін.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары