Malim.kz
Экономика

Доллар бағамы 470 теңге болып тұр

Айбын Атабай
Kazinform

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,96 теңгеге арзандап, 470,46 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы – 472,31 теңге. 

мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

– доллар 467,00 теңгеден сатып алынады, 474,00 теңгеден сатылады;

– еуро: сатып алу – 539,00 теңге, сату– 549,00 теңге;

– рубль: сатып алу – 5,84 теңге, сату – 6,15 теңге.

– юань: сатып алу – 68,37 теңге, сату – 73,97 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 468,72 теңгеден сатып алынады, 471,27 теңгеден сатылады. Еуро 541,54 – 546,01 теңге, ал рубль 5,86 – 5,98 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 67,53 теңгеден сатып алынады, 70,52 теңгеден сатылады.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары