Malim.kz
Экономика

Доллар бағамы 490 теңгеден төмендеді

Арман Қайыпхан
Фото: depositphotos.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда нәтижесінде доллардың орташа өлшенген бағамы 489,99 теңгені құрап, 1,91 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Айта кетейік, доллар бағамы соңғы рет осындай деңгейде 2025 жылдың наурыз айында болған. Нақтырақ айтқанда, 2025 жылғы 12 наурызда доллар 488,53 теңгеге дейін түскен еді.

Ұлттық банктің 17 ақпанға белгілеген ресми бағамы – 1 доллар үшін 491,97 теңге.

Еске салсақ, 4 ақпандағы сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 498,65 теңгені құрап, 4,4 теңгеге арзандаған болатын. Осылайша, бағам нарық үшін маңызды саналатын «психологиялық межеден» – 500 теңгеден төмен түсті.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары