Malim.kz
Экономика

Доллар бағамы 494 теңгеге дейін түсті

Арман Қайыпхан
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда 6 ақпандағы сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 494,63 теңгені құрады, деп хабарлайды Malim.kz.

KASE биржасындағы күндізгі сауда нәтижесінде АҚШ валютасының орташа өлшенген бағамы 0,13 теңгеге төмендеді. Ал Ұлттық банктің 6 ақпанға белгілеген ресми курсы – 495,10 теңге.

Еске салсақ, 4 ақпанда доллар бағамы 498,65 теңге болған еді. Осылайша, валюта бағасы нарық үшін маңызды саналатын 500 теңгелік «психологиялық межеден» қайта төмен түсті.

kurs.kz дерегінше, айырбастау пункттеріндегі орташа бағамдар:

Алматыда:
– сатып алу – 494,81 теңге
– сату – 497,40 теңге

Астанада:
– сатып алу – 493,97 теңге
– сату – 500,97 теңге

Айта кетейік, 23 қаңтарда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырып, 18% деңгейінде сақтаған болатын.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары