Malim.kz
Экономика

Доллар бағамы 600 теңгеге бара ма? – Ұлттық банк төрағасының жауабы

Malim Админ

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтың сөзінше, 1 АҚШ доллары 600 теңгеге жетпейді.  Бұл туралы ол парламент сенатының отырысынан соң журналистер сұрағына жауап бергенде айтты. 

- Ұлттық банкте тиісті талдау жасалды. Соның аясында 1 доллар бағамы 600 теңгеге жетеді деп болжап отырған жоқпыз. Бұл ретте бағам қазіргі қалыптасқан деңгейде сақталуы мүмкін. Жаңа ғана бағамды тексердім, Қазақстан қор биржасында деңгей 523 теңге шамасында, - деді Т. Сүлейменов.

Дегенмен, төраға валюта бағамының өзгеруін нарық анықтайтынын еске салды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 5 желтоқсанға арналған ресми бағамы — 1 доллар 523,58 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,01 теңге. Ал, Еуро — 549,71.
Фото: Malim.kz
 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары