Malim.kz
Экономика

Доллар бағамы бір күнде 8 теңгеге қымбаттады

Арман Қайыпхан
Фото: Malim.kz

13 шілдедегі Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының бағамы күрт өсіп, 476,33 теңгеге жетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Бір тәулік ішінде доллар 8,16 теңгеге қымбаттады.

Еуро бағамы да өсіп, 541,93 теңгені құрады. Ол алдыңғы күнмен салыстырғанда 5,53 теңгеге жоғарылады.

Ал Ресей рублінің бағамындағы өзгеріс айтарлықтай болмады. Сауда қорытындысы бойынша рубль 6,19 теңге болып, небәрі 0,1 теңгеге өсті.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары