Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 485,18 теңгені құрап, алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 3,63 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Еуро бағамы да арзандап, 563,78 теңге болды. Бір күн ішінде еуропалық валюта 4,16 теңгеге төмендеген.
Ал ресейлік рубль 0,1381 теңгеге арзандап, 6,5354 теңге деңгейінде қалыптасты.
Осылайша, биржадағы сауда нәтижесінде негізгі шетел валюталарының бағамы төмендеу динамикасын көрсетті.